ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің "№24 ЖББМ" КММ-сі келесі лауазымдар бойынша бос орындарға КОНКУРС жариялайды (1 ставка -16 сағат):
1. Оқыту орыс тіліндегі бастауыш сынып мұғалімі-  3 бос орын 18 сағаттан;
2. Оқыту орыс тіліндегі география пәнінің мұғалімі - 16 сағат;
3. Математика пәнінің мұғалімі-16 сағат;
4. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 16 сағат;
5. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - 16 сағат;
6. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша педагог-ұйымдастырушы - 1 ставка;
7. Химия пәнінің мұғалімі - 16 сағат;
8. Педагог-психолог - 1 ставка.
КОНКУРСҚА ҰСЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР ТІЗБЕСІ:
1) "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР БҒМ 21.02.2012 жылғы №57 бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8)наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Құжаттар конкурс жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде келесі мекен-жай бойынша электронды нұсқада немесе қағаз түрінде қабылданады:
Ұлытау обл., Жезқазған қ., Аманжолов көшесі-18. 
Тел: 8(7102)775350. 
Эл.пошта: school_24zhez@mail